Виртуалды Басқару серверін қосу және өшіру

Виртуалды Басқару серверін жасаған кезде, ол әдепкі бойынша қосылады. Оны кез келген уақытта өшіруге немесе қайта қосуға болады. Виртуалды Басқару серверін өшіру немесе қосу физикалық Басқару серверін өшіруге немесе қосуға тең.

Виртуалды Басқару серверін қосу немесе өшіру үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.
  2. Ашылған бетте Басқару серверлері қойыншасына өтіңіз.
  3. Қосқыңыз немесе өшіргіңіз келетін виртуалды Басқару серверін таңдаңыз.
  4. Мәзірде Виртуалды Басқару серверін қосу / өшіру түймесін басыңыз.

Виртуалды Басқару серверінің күйі оның алдыңғы күйіне байланысты қосулы немесе өшірулі болып өзгереді. Жаңартылған күй Басқару сервері атауының жанында көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Виртуалды Басқару серверін жою

Басына оралу